Павлодарлық ұстаз республикалық додада «Жылдың үздік психологі» атанды

Павлодарлық ұстаз республикалық додада «Жылдың үздік психологі» атанды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Аталмыш байқауға Павлодар облысының атынан төрт педагог-психолог қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, додо 5 - 6 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 25 ЖОМ педагог-психологі Жанар Ордабаева жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен марапатталды.

- Жарыс шарттары бойынша қатысушылар өздерінің авторлық бағдарламаларын қорғады. Жанар Бейсенбайқызы «5-сынып оқушыларының қатысымдық өрісін психологиялық түзету» авторлық бағдарламасын таныстырды, - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Жанар Бейсенбайқызы «Жылдың үздік психологі - 2024», «Педагогикалық бастамалар - 2024» байқауларының қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпазы және «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2024» республикалық байқауының жүлдегері.