Павлодар облысында 21 қазанда жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 23–28 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0…+5°C болады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендейді.
Жаңбыр мен қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +3…+8°C-қа дейін көтеріледі. Қар аралас жаңбыр жауып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ сақталады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2°C болады. Аспанды бұлт торлап, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +4…+6°C-ты құрайды. Бұлтты ауа райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі.