Ақсуда екі бөлімге басшылар тағайындалды

Ақсуда екі бөлімге басшылар тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа басшылар ауыл шаруашылығы бөлімі мен мемлекеттік-құқықтық бөлімге тағайындалды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы әкімінің өкімімен, конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап Ақсу қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы бос лауазымына Әділ Тұрсынбайұлы Құсайынов тағайындалды.

Әділ Тұрсынбайұлының «Агрономия» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Жалпы жұмыс өтілі - 40 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 20 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда - 12 жылдан астам. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Ақсу қаласы әкімінің өкімімен ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Ақсу қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысының жоғары тұрған бос лауазымына Қазбеков Қуаныш Бәкібайұлы тағайындалды.

Қуаныш Бәкібайұлының «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Жалпы жұмыс өтілі - 18 жыл 8 ай, мемлекеттік қызмет өтілі - 11 жыл 3 ай.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласының қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.