Павлодар тігін өндірісі жаңа даму сатысына көтеріледі
Бастапқыда «l'Pakora» компаниясында бес тігінші жұмыс істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Директордың орынбасары Болат Төкеновтың айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорын төрт жүз шаршы метр аумақты жалға алады, бұл отыз тігіншіге жұмыс беруге мүмкіндік берді.
Банк пен Даму Қорының қолдауымен бірыңғай кешенді бағдарламаның көмегімен қазір нарықтағы ең жақсы жабдықтардың бірін сатып алынды. Жоспар бойынша – жылына алты мыңға дейін дайын өнім тігу.
Болат Такенов болашақта фирма екі ауысымда 60-70 адам жұмыс істей алатындай етіп үлкен көлемде жер немесе 1000 шаршы метр ғимарат сатып алуды және өз ғимаратын салуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, өнімділік артады, ассортимент кеңейеді.
Айта кетейік, аталмыш компания қазір жеке клиенттерге де, ірі компанияларға да қызмет көрсетеді. Жұмыскерлерді жазғы және қысқы жұмыс киімдерімен, спорттық киімдерімен, формалы және күнделікті тоқыма киімдерімен киіндіреді.