Павлодар облысында 500-ден астам сайлау учаскесі құрылды
Оның 21-інің қолжетімділігі шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Наталья Нефедова Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен өткен кеңесте мәлімдеді.
Наталья Нефедованың айтуынша, облыста 521 сайлау учаскесі құрылған болса, оның 21-інің – қолжетімділігі шектеулі. Қалған 469 учаске пандустармен жабдықталған, 445 учаскеде түрлі тактильді бағыттағыштар орнатылған. Атап өтерлігі барлық сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан.
Өткен аптада облыс әкімі аппаратының барлық инспекторлары сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша дауыс беретін 500 сайлау учаскесін тексеріп шыққан.
- Барлық учаскелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, стационарлық және жылжымалы сайлау жәшіктері, жиһаз, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары бар. Байланыс мәселесі бойынша біз Kazakhtelecom компаниясымен тығыз жұмыс істеп келеміз. Қазіргі уақытта барлық учаскелер телефон байланысымен және интернетпен қамтамасыз етілген, - деді ол.
Спикер облыстың 3 қаласына тиесілі 194 сайлау учаскесіне 192949 сайлаушы тіркелгенін, ал аудандар мен ауылдардағы 327 учаскеде 105784 сайлаушы құрайтынын, ал жарты кезеңге 498733 азамат енгізілгенін атап өтті. Қазіргі таңда арнайы телеграмбот іске қосылып, қалалар мен аудандарда call-орталықтар жұмыс істеп, дублкис қосымшасына барлық мәліметтер енгізілген. 226 учаскеде азаматтарды тексеру үшін онлайн сервис орнатылған болса, тағы 6 учаскеде тіркеу сервисі жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, дауыс беру күні 3 қалада 16 инватакси тарту мәселесі пысықталуда. Мұнда Павлодарда – 9, Екібастұзда – 5 және Aқсуда – 2.
Тағы 42 сурдоаудармашы қызмет көрсететін болса, дауыс беру күні әлеуметтік қызметкерлерді тарту мәселесі де қарастырылған.