Павлодарда жаңа мектептер оқушыларды қабылдауға дайындалуда

Павлодарда жаңа мектептер оқушыларды қабылдауға дайындалуда
Фото: Павлодар облысының білім беру басқармасы

Жауапты мамандарға жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары бақылауға алынды.

Бақылау аясында М. Мақпалеев атындағы орта мектептегі жөндеу жұмыстарының сапасы тексеріліп, «Келешек мектептері» жобасы бойынша салынудағы 600 орындық №47 мектеп пен «Достық» шағынауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің құрылысына бару ұйымдастырылды.

Аталған білім ордалары заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар үшін жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететін болады. Жұмыс қорытындысы бойынша жауапты мамандарға құрылыс пен жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді, – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Достық» шағынауданындағы жаңа мектепке балаларды тіркеу туралы толық ақпаратты @jailymektep2025pvl Instagram парақшасынан алуға болады.

Ата-аналар үшін байланыс нөмірі: +7 (777) 990-16-36.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: +7 (771) 268-47-95.

Сондай-ақ, М. Мақпалеев атындағы мектеп аумағында орналасқан №47 мектепке қабылдау тамыз айында жүргізіледі.