Павлодар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Павлодар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының күрт өзгеруі еліміздің тағы 11 өңірінде болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМҚ-ның мәлімдеуінше, 26 мамырда Қазақстанның бірқатар облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғып, қатты жел тұрады. Алты өңірге төтенше өрт қаупі төніп тұр. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 26 мамыр күні түнде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Атырау облысының батысында, тәулік бойы найзағай ойнауы мүмкін. 26-27 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрып, 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, 27 мамырда басым бөлігінде, 28 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 26-28 мамырда күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының шығыс жартысында 26 мамырда найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

26-28 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпі өте жоғары болады.

Астана қаласында 26 мамырда найзағай ойнайы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26-27 мамырда Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 26 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

26 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді.

26 мамырда Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде өрт қауіпі жоғары.

Маңғыстау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың солтүстік, шығыс пен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлі аймағында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с болуы мүмкін.