Өзенге секірмек болған: Павлодарда жүкті әйел құтқарылды

Өзенге секірмек болған: Павлодарда жүкті әйел құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары уақытылы көмек көрсетті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«102» нөміріне куәгерден бейтаныс әйелдің Усолка өзеніне көпірден секіргелі тұрғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Талғат Қамзин мен Еламан Кәрімов жіберілді.

– Полиция қызметкерлері көпірде отырған әйелді байқаған. Олар жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, әйелді құтқарып, жағаға жеткізді. Сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Полиция департаментінде тәртіп сақшылары күн сайын азаматтарды қылмыстық әрекеттерден қорғап қана қоймай, өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға да көмек көрсететінін айтады.