Павлодар облысында балалардың түнгі серуені үшін мыңға жуық ата-ана жазаланды

Павлодар облысында балалардың түнгі серуені үшін  мыңға жуық ата-ана жазаланды
Фото Константина Шелков

Ойын сауық мекемелерінің иелері де жазасыз қалған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтер кезінде полиция қызметкерлері 23:35-те Назарбаев даңғылында заңды өкілдерінсіз екі кәмелетке толмаған тұрғынды ұстады. Олардың бұл ісі үшін ата-аналары мен заңды өкілдері жазаға тартылды. 

– Ағымдағы жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері  кәмелетке толмағандардың 943 заңды өкілін түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болу фактілері бойынша 41 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды.