Павлодардағы 1-ЖЭО градирнясын түтін басты
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ PR-қызметінің мәліметінше, 11 қараша күні «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Электр станциясы» аумағында «Альянс ПВ Строй» мердігер ұйымы салқындатқыш мұнараны бөлшектеу жұмыстарын жүргізген.
– Бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, түске таман бұл аумақтан түтін шыққаны анықталды. Бұл туралы құзырлы цехтың инженер-технологы дереу хабарлады. Ақпарат станция ауысымының бастығына жеткізіліп, ол дереу мемлекеттік емес өртке қарсы және төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалған. Жалынды қолданатын жұмыстар жүргізуге берілген рұқсат пен наряд тәркіленді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады «ЕЭК» АҚ PR-қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері жұмысын жалғастыруда.