Екібастұздың тәртіп сақшылары су айдындарында рейдтер жүргізді
Бұл рейдті олар төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының полиция басқармасының қызметкерлері ТЖМ қызметкерлерімен және білім бөлімінің жұмысшыларымен бірлесіп адамдардың жаппай шомылатын жерлеріне рейдтер жүргізді.
– Төтенше жағдай кенеттен болуы мүмкін және ересектер оған дайын болуы керек. Балалар мен ересектер суда өзін қалай ұстау керектігін білуі керек және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауы керек, – дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Тәртіп сақышылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысы бойынша жыл басынан бері 27 тұрғын суға кеткен. Олардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Ал 1-ші маусымнан бері 19 адам батқан. Суға кеткендердің 5-і құтқарылған.