Баянауылда таудан құлаған туристің жағдайы белгілі болды
Ер адам аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, бастың желке аймағында және іш қуысында жарақат анықталды, бірнеше жері сыдырылған.
– Науқасты травматолог, хирург, реаниматолог тексерді. Жалпы жағдайының нашарлауына және ауырсыну синдромына байланысты ер адам шұғыл түрде хирургия бөліміне емделуге жатқызылды, – деді басқармада.
Еске сала кетейік, жардан құлаған ер адам туралы демалушылар хабарлаған. 65 жастағы ер адам 15 метр биіктіктен құлап, жарақат алған және оқиға орнында ес-түссіз жатқан. Құтқарушылар зардап шегушіні зембілмен 200 метр биіктіктен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.