Павлодар-Ақсу көпірін түтін басты
Көпірдің жанында өрт шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желілерде көпір үстінде көліктер тізіліп қалғаны, айналаны түтін басып, көру мүмкіндігі азайғаны туралы видеолар тарады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көпір астындағы құрғақ шөп жануда.
- Төрт жеке ошақта шөп жануда. Өртті сөндіруге департаменттен 3 техника мен жеке құрамның 10 адамы және Алғабас ауылының ерікті өрт сөндірушілер құрылымынан 5 адам жұмылдырылды, - деді департаментте.
ТЖД хабарлауынша, қазіргі уақытта көпірдегі көлік қозғалысы қалыпқа келтірілген.