Павлодар облысында биылғы жылы қанша мүгедектігі бар азаматтар жұмысқа орналасты?

Өңірімізде мүгедектер үшін тұрақты жұмыс орындарының квотасы белгіленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мансап орталығында мүгедектігі бар азаматтарға арналған дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараны «AMANAT» партиясы мен мансап орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
– Аталған іс-шара тоқсан сайын өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық мансап орталықтарына 660 мүгедек өтініш білдірсе, оның ішінде 31 адам тұрақты жұмысқа, 172 адам субсидияланған жұмысқа орналасты, – дейді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінің консультанты Диляра Нұртаева.
Жәрмеңкеге «Крендель» ЖШС, мүгедектерді және қарттарды жалпы СМУ-мен қамтамасыз ету орталығы, зағиптар қоғамы, «РубиКОМ» компаниясы және «ДСК Теміртас» секілді жұмыс беруші ұйымдар қатысты.
– Жәрмеңкеде 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі адамға 30 бос жұмыс орны ұсынылды. Қызығушылық танытқандар нәтижелер шыққанша сұхбатқа баруы керек, – дейді ол.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 146 мүгедек квота бойынша бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Айта кетейік, облыста 2025 жылға 177 кәсіпорын мен ұйымда 604 жұмыс орнына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген. Сонымен қатар, кәсіпкерлік дағдыларды меңгеру үшін «Bastau Business» жобасы бойынша 64 мүмкіндігі шектеулі азамат оқудан өтті.