РАНТ мүшесі Павлодарда жамағатпен кездесті

РАНТ мүшесі Павлодарда жамағатпен кездесті
Суретті Мәшһүр Жүсіп мешіті ұсынды

Елбек Тасболатұлы облысымызға іссапармен келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінде ҚМДБ, шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы жамағатпен кездесіп, қазіргі уақытта жаңадан шыққан пәтуалар туралы, пәтуаны беру тәсілдері, оның ережелері, оның тәртіптерін баяндап түсіндірді. Сонымен қатар, кім пәтуа беруге лайықты, не нәрсеге жүгіну керек, қандай бағыттарды ұстану керек деген мәселе көтерілді.

Өз уағызында РАНТ мүшесі исламдағы береке-бірлік, ынтымақ  және дәстүрдің діндегі орны туралы кең көлемде айтып түсіндірді.

Соңында пәтуаға қатысты мамандардың сұрақтарына жауап берілді.