Баскетболдан «ERTIS» басшысы ауыл спортына қолдау көрсетті

Баскетболдан «ERTIS» басшысы ауыл спортына қолдау көрсетті
Фото: @galymbek_zhaxylyk

Қазақстанда «Ауыл спорт» жобасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылдан бастап «Halyk» қайырымдылық қоры ауыл жаттықтырушыларын дайындауға көмектесе бастады, футбол турнирлері, ауыл футболшылары үшін оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Жақында жоба жетекшісі, қордың атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазақстан волейбол федерациясының вице-президенті Ермек Сырлыбаев пен Ұлттық баскетбол федерациясының бас хатшысы, «ERTIS» БК директоры Жұлдыз Байдүйсенованы қабылдады.

Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында тараптар ауыл жастарын спортқа баулу, жаңадан келген спортшылардың дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ төрешілер корпусын толықтыруға бағытталған бірқатар кешенді жұмыстарды бірлесіп атқаратын болады.

– Бұл – тамаша жоба, – дейді Жұлдыз Байдүйсенова. – Біз балалар үшін, қазақстандық спорттың болашағы үшін тырысамыз. Біз өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз.

Ғалымбек Жақсылықов атап өткендей, меморандум ауылдық жерлерде спортты дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретін маңызды қадам.