Павлодар облысында бүлдіршіндер олимпиадада бақ сынады

Павлодар облысында бүлдіршіндер олимпиадада бақ сынады

Мұндай байқау облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Облыстық білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасында  мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Балауса» олимпиадасы өткізілді. Өңірімізде «Балауса» олимпиадасы алғаш рет ұйымдастырылуда. 

«Балауса» олимпиадасы – бұл балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін арттырып,  олардың шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін   мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балаларға  арналған жарыстың  біріктірілген түрі.

 Олимпиадаға алты тәрбиеленушілерден тұратын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының командалары қатысты. Аталмыш байқауда облыстан 48 тәрбиеленуші бақ сынады. 

Олимпиада қорытындысы бойынша үшінші орынды Ақсу қаласы «Жас дарын» құрама командасы, Павлодар қаласы №44 сәбилер бақшасының  «Жалын» командасы, Павлодар қаласы №96 сәбилер бақшасының үйлесімді даму орталығының «Радуга» командасы ие болса, екінші орынды Екібастұз қаласы №15 сәбилер эстетикалық дамыту орталығының «Почемучки» командасы және Ақсу қаласының «Виртуалы» құрама командасы алды. Ал Павлодар қаласы  №126 сәбилер  бақшасы-эстетикалық даму орталығының «Жұлдыздар» командасы жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды ұтып алды.