Павлодарлық университет ақылы бөлімге мыңға жуық өтініш қабылдады

Павлодарлық университет ақылы бөлімге мыңға жуық өтініш қабылдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ең көп сұраныс «Ақпараттық жүйелер» және техникалық мамандықтарға түсіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, өтініштер EGov порталы арқылы да, университеттің арнайы виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да қабылданып жатыр.

Өткен жылы Торайғыров Университетіне алғаш рет Қазақстанның барлық облысынан талапкерлер қабылданған болатын. Университет осы жылы да сол нәтижелерді қайталауды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалық, ауыл шаруашылық бағыттарындағы және «Серпін» бағдарламасы сияқты арнайы гранттар бойынша Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан өтініштер келіп түсуде. Отандастарымыздан бөлек, Монғолия, Ресей, Қытай және Түркменстан азаматтары да құжат тапсырған, – делінген хабарламада.

Университеттің техникалық хатшылары талапкерлерге құжат жинау, мамандықтармен танысу сынды үдерістерде көмек көрсетуде. Ал шалғай елді мекендердегі үміткерлерге арналған call-орталық жұмыс істеп тұр.

Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Қабылдау комиссиясы күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.