Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс аумағында тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктер 3 желтоқсан күні өңірде қолайсыз ауа райы болады деп болжады. Облыстың оңтүстігі мен батысында тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Аталған күні Павлодар қаласында да тұман түседі деп күтілуде.