Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде екпінді жел, найзағай және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 29 маусымда облыста оңтүстіктен жел соғады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, екпіні кей уақыттарда 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

30 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал.

Сондай-ақ оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.