Павлодардың бірқатар тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Павлодардың бірқатар тұрғын үйлерінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Трансформаторлық қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 24 мамыр күні трансформаторлық қосалқы станциялардағы, толық трансформаторлық қосалқы станция және 10/0,4 кВ әуе желілеріндегі жабдықтарды жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады: 

  • Рафик Нұртазин көшесі, 67, наубайхана;
  • Краснодонская – Кулундинская – Амангелді – Орал көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер.