Павлодар облысында дабыл соғылады
Тұрғындар ресми органдардың талаптарын орындау керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 12:55-те Төтенше жағдайлар департаменті облыстық орталықтандырылған құлақтандыру жүйесінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.
– «Баршаңыздың назарына!» атты дабыл – сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті, – делінген хабарламада.
Радиохабар тарату, теледидар, хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру, хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару үшін, сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және өзге де дабыл беру құралдары қосылады, сонымен «Баршаңыздың назарына!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді, сол дабыл бойынша тұрғындар, шұғыл хабарламаны тыңдау үшін, радио және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті арнасына келтіруге ресми органдарының талаптарын орындауға міндетті.
Егер, дабыл беру кезінде, тұрғындар жұмыс орнында болса:
- жұмысты тоқтату, жабдықты өшіру;
- радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау;
- алған хабарламаға сәйкес, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет жасау.
Үйде болса:
- радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау;
- алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау. Көршілерге хабарлау.
Көшеде болса:
- дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдау;
- алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау қажет.
Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және үрейсіз әрекет ету қажет.