Павлодарлық дәрігерлер таза қол челленджін өткізді

Павлодарлық дәрігерлер таза қол челленджін өткізді
фото: Жасанды интеллект иллюстрациясы

Интернет-роликтер дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл күн 5 мамырда аталып өтіледі және ол кездейсоқ таңдалмады: 05.05-әр қолдағы бес саусақты білдіреді.

2008 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ балалар қоры құрған күн «Таза қолдар өмірді сақтайды!» және адамдар арасында қолды жуудың денсаулық үшін маңыздылығын арттыруға арналған.

Осыған орай Қазақстанда алғаш рет республикалық челлендж өткізілді. Бүкіл елдегі дәрігерлер бейне жазбалар түсіріп, оларды Instagram желісіне #HandsHygieneDay хэштегімен жариялады. 

Павлодар облысы да аталмыш челленджге ат салысты. 20-ға жуық медициналық ұйымдар, соның ішінде жеке ұйымдар Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналған интернет-роликтерді әлеуметтік желіге салды. 

– Біз медицина қызметкерлерін ғана емес, барлық адамдарды өз денсаулығын қорғау және айналасындағылар үшін инфекция көзі болмау үшін қол гигиенасын сақтауға шақырамыз, - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологы Сәуле Оспанова. 

Кардиологиялық орталық өзінің 13 клиникалық бөлімшелері арасында қол жуу алгоритмі бойынша ең үздік екі минуттық бейнероликке байқау ұйымдастырды. Бейнероликтің ақпараттылығы мен сапасы ескерілді.

– Бірінші орынды экстракорпоральды қан айналымы және трансфузиология зертханасы бар операциялық блок бөлімшесі алды. Бейнероликке қызметкерлердің көбі түскен және ол бірден бәріне ұнады. Олар қолды жуудың барлық бес сәтін креативті түрде көрсеткен, – деді байқаудың ұйымдастырушысы, кардиоорталықтың дәрігер-эпидемиологы Дина Шакратова. 

Дина Шакратованың айтуынша, екінші орын алған жедел медициналық жәрдем бөлімшесі де қызықты бейне түсірген. Қызметкерлер ролик түсіріп қана қоймай, оның астында қол жуудың алгоритмі мен сипаттамасын егжей-тегжейлі жазған. Қазылар алқасы үшінші орынды электрофизиологиялық зерттеулер бөліміне берді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналған челленджді Астана қаласындағы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесі бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Скорая помощь/Павлодар (@103_pvl)