Павлодарда бөлме өсімдіктерін өсіретін жас экологтардың саны артуда
«Менің гүлім» қалалық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқауға 50-ге жуық жұмыс ұсынылды. Қалалық білім беру бөлімі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы іс-шараны өткен жылдың соңынан бастап қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырады.
Бұл байқаудың мақсаты – экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға қамқорлықты қалыптастыру, өсімдіктер әлемін зерттеу, өсімдіктерді өсіру және күту әдістері туралы шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
– Қатысушыларға бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша 50-ден астам жұмыс ұсынылды. Мұндай акцияны біздің орталық екінші жыл өткізіп келеді және оған қатысатын оқушылардың саны артуда. Жаңадан келген экологтар өздерінің ғылыми-практикалық жұмыстарын ұсынады, – дейді экология бөлімінің меңгерушісі Наталья Губарь.
Байқау қорытындысы бойынша 4-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйымдар арасында бірінші орынды «Фиалка» жұмысы үшін № 11 сәбилер басқшасының тәрбиеленушісі Рүстем Рамазанов пен «Менің гүлім тагетес» жұмысы үшін № 53 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Арсений Литвиненко иеленді.
Ал 7-9 жас аралығындағы қатысушылар арасында 2-сынып оқушысы Асқар Заканов «Руккола – микрожасылды өсіру» жұмысы үшін Матвей Кривушкин және № 7 мектептің 1-сынып оқушысы Райяна Жақия «Бегония гүлі» жұмысымен жеңімпаз атанды.