«Әлия»: Павлодарда әскери әндер шырқалды

«Әлия»: Павлодарда әскери әндер шырқалды
Фото: автор

Павлодарлықтар мен қала қонақтары алдында шаһардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Концерт қалалық мәдениет пен демалыс саябағында өтті. Көрермендер құрметіне «Домовята» театр шеберханасы, «Иртышские жемчужины» үлгілі би ансамблі және басқалар ән шырқап, би биледі. Ұлы Отан соғысы жылдары опат болған қаһармандарды павлодарлық эстрада жұлдызы Гүлнар Жапарова «Память» және «Огонек» әндерімен еске алды.

Көрермен қауым Әсем Дәуітова, Мелания Шеломенцева мен Жанна Баженованың әндерін ду қол шапалақпен қарсы алды. «Идет солдат по городу», «Әлия», «В Казахстане» жырлары ерекше көңіл-күй сыйласа, концертті «Жеңіс күні» әнімен Фируза Ілиясова тәмамдады.