Павлодар облысында екі ер адамды іздестіру жалғасуда

Павлодар облысында екі ер адамды іздестіру жалғасуда
Фото: «VITA»

Олар бір күнде жоғалып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» іздеу жүйелерінің мәліметінше, екі ер адам 19 желтоқсанда жоғалып кеткен. Болжам бойынша, олар Екібастұз қаласында немесе қалаға жақын ауылдарда болуы мүмкін.

Психикалық ауытқуы бар Шәміл Омаров Павлодар қаласындағы мекемелердің бірінде емделіп жатқан. Ол әдеттегі госпитализациядан кейін облыстық психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.

Шәмілді Екібастұз стансасында көргені туралы ақпарат болды. Ол жолаушыларға қаладан кетіп бара жатқанын айтып, ДЕПО-ға бет алды.

38 жастағы Шәміл Омаровтың дене бітімі орташа, бойы 165 сантиметр, шашы қара, қой көзді, оң жақ бетінде меңі бар. Ол жоғалған кезде үстінде қызыл-көк түсті күртеше, қара шалбар, қара бас киімі мен аяқ киімі болған.

Жоғалған екінші адам, 52 жастағы Олег Александру Шешембеков көшесінде жалға алған пәтерінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Келесі күні ол туыстарымен байланыста болды, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған.

Олег орташа денелі, қоңыр көзді және қара шашты. Үстінде қара түсті күртеше, джинсы және бас киімі болған.

Егер сізде бұл адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, мына телефондарға хабарласыңыз: +7 (747) 615 55 63 Катерина немесе +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз).