Екібастұз вокзалы жаңаша түрленеді
Ғимаратты жаңғыртуға бес ай уақыт кетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласындағы теміржол вокзалын жөндеуге ақша бөлген «KAZ Minerals» мыс өндіруші компаниясы 960 миллион теңгелік жобаға демеушілік етеді.
Екі кешеннің сыртқы және ішкі әрлеуінің эскиздері ұқсас: ағашқа стильдендірілген материалдар, сұр және қызғылт сары түстерге басымдық беріледі, сондай-ақ, аймақтары да бірдей бөлінген. Сол сияқты Екібастұз вокзалында фудкорт, балалар аймағы, намазхана, медициналық кабинет, ана мен бала бөлмесі болады.
Ішінде желдету мен электр жарығы, байланыс желілері, кәріз құбырлары және жылыту жүйесі жаңғыртылады, екінші жылу торабы орнатылады. Жоба бойынша жиһазды, есіктерді ауыстыру, шағын архитектуралық пішіндерді орнату қажет. Вокзалдың бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға екінші қабатқа жетуді жеңілдету үшін көтеру механизмі жабдықталады. Касса және күту аймақтарында өзгерістер орын алады.
Ғимараттан бөлек, 6,5 мың шаршы метрге перрондар жөнделеді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында Pavlodarnews.kz тілішісіне Екібастұз вокзалы 1988 жылы салынғанын хабарлады. Бүгінде аталмыш ғимарат 2,4 мың гектар жерді алып жатыр.
Сонымен қатар, «ПавлодарРемКомплекс» ЖШС жоба бойынша мердігер ретінде тағайындалған. Компания жаңартуды 2025 жылдың ақпан айында аяқтауға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, демеуші Павлодар вокзалын жаңартуға 1,5 миллиард теңге жұмсады. Жұмыс тоғыз айға созылды. Бүгінде жылы және ыңғайлы вокзал тәулігіне төрт мыңға дейін адамды қабылдап, қызмет көрсете алады.