Павлодарда бірқатар үйде су болмайды

Павлодарда бірқатар үйде су болмайды
Фото: Константин Шелков

Су екі күнге өшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС-ның хабарлауынша, 19-20 қыркүйек күндері М.Жүсіп көшесі, 169, 164 үйлерінде су өшірілетін болады.

– М. Жүсіп көше бойымен Толстой көшесінен Олжабай батыр көшесіне дейін 500 мм магистральдік  су құбырын қайта кеседі, –  делінген хабарламада. 

Компанияда келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала  су алып қоюды сұрайды.