Павлодарлық оқушылар жазғы демалысын көңілді өткізуде

Қалалық мектептердің оқушылары шағын футбол турниріне қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, «Балаларға жарқын жаз - 2025» қалалық бағдарламасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Әр қадаммен: өзіңе апарар жол» атты шағын футбол турнирін өткізді. Турнирге қалалық мектептердің 5-6- сыныптың оқушыларынан 12 команда қатысты.
Ақтық ойындар қорытындысы бойынша І орынды № 11, 14, 25 мектептері, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей командалары иеленді.
– ІІ орынды № 5, 35 мектептері, М. Жүсіп атындағы мектеп пен Кенжекөл мектебінің командалары жеңіп алды, – деді бөлімде.
ІІІ орынды № 18, 24, 39, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп командалары алды. М. Жүсіп атындағы мектеп оқушысы Сәбит Расул, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей оқушысы Төлеген Мансұр, № 25 мектеп оқушысы Айдос Өтепов, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушысы Богдан Редько «Үздік шабуылшы» болып танылды.
№ 5 мектеп оқушысы Лобода Никита, № 18 мектеп оқушысы Әбіл Мансур Арықов, № 39 мектеп оқушысы Ануарбек Асанәлі, Кенжекөл мектебінің оқушысы Әмірхан Ермеков «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша марапатталды.
№ 11 мектеп оқушысы Владимир Никонов, № 14 мектеп оқушысы Әли Алиманов, № 24 мектеп оқушысы Әділ Сұлтанов, № 35 мектеп оқушысы Әділхан Сенбек «Үздік қақпашы» атанды.
Жеңімпаздар кубоктармен, жүлдегерлер мен номинанттар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.