Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Бұл өзгеріс 9 күнге жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, 31 мамырдан 8 маусымға дейін су құбырына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Қамзин және Бекмаханов көшелерінің қиылысында автобус қозғалысы шектеледі.

Аталмыш жөндеуге байланысты № 2, 9, 11, 55, 152 автобустардың қозғалыс бағыттары уақытша өзгереді. 

№ 11, 55, 152 автобус бағыттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесі бойымен қозғалыс кезінде Шевченко көшесіне солға бұрылып, Павлов көшесіне оңға бұрылады, кейін Естай көшесіне оңға бұрылады және тиісті бағыт бойынша жүреді (№11 бағыт Малайсары батыр көшесімен тура бағытта, № 55 бағыт Қамзин көшесіне солға қарай, №152 бағыт Естай көшесінде кері бұрылады).

Кері бағыттағы қозғалысы бойынша № 11, 55 бағыттар Қамзин көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Естай көшесіне оңға бұрылады, содан соң Катаев көшесіне солға бұрылып, Шевченко көшесіне солға бұрылады, кейін Қамзин көшесіне оңға бұрылады және одан әрі тиісті бағыт бойынша жүреді.

Ал № 152 шағын класты автобус Естай көшесі бойымен батыстан шығысқа қарай қозғалыс кезінде Павлов көшесіне оңға бұрылады, содан кейін Шевченко көшесіне солға, одан әрі оңға бұрылып Қамзин көшесіне шығып, ары қарай тиісті бағыт бойынша қозғалады.

№ 2, 9 автобус бағыттары Қамзин көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта Толстой көшесіне оңға бұрылады, одан әрі солға бұрылып Кіші айналма жолы көшесіне шығады, содан кейін Малайсары батыр көшесіне солға бұрылып, Қамзин көшесіне оңға бұрылады және әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді. Кері бағытта да осылай қатынайды.