Павлодар облысында төрт келіден астам жаңа психоактивті заттар алынды

Павлодар облысында төрт келіден астам жаңа психоактивті заттар алынды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Полицейлер мен IT-сала мамандары есірткі қылмыстарына қарсы әрекет ету және жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін талқылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс кездесуі облыстық полиция ведомствосында өтті. 

–  Биыл облыс аумағында қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып жасалған есірткіге байланысты 126 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Заңсыз айналымнан төрт келіден астам жаңа психоактивті заттар алынды. Тек бірге ғана халықтың есірткіге қарсы сауаттылығын арттыру қажет. Дәл осы бірлескен күш-жігер есірткі қылмысына неғұрлым тиімді қарсы тұруға ықпал ететін болады, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Жұмыс кездесуі аясында полицейлер мен ІТ-сала мамандары тыйым салынған заттарды таратуға маманданған және азаматтарды есірткіні қолдануға, оларды таратуға бағытталған азаматтардың қылмыстық әрекеттеріне ден қою және жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимыл алгоритмін нақты мысалдармен талқылады.