Павлодар облысында көктемгі мереке күндеріне қосымша вагондар жүреді

Павлодар облысында көктемгі мереке күндеріне қосымша вагондар жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі мереке күндері Ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

№45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында;

№139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 7, 11 ,21, 25 наурыз аралығында;

№354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 7, 9, 21, 25 наурыз аралығында;

№623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 8, 10, 20, 24 наурыз аралығында.  

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.