Екібастұзда екі жеңіл көлік соқтығысты

Екібастұзда екі жеңіл көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 наурызда 13:09-да Көшербаев-Кеншілер көшелерінің қиылысында «Лада Гранта» мен  «Шевролет Кобальт» маркалы көліктер соқтығысқан. 

ЖКО нәтижесінде «Шевролет Кобальт» көлігінің 68 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.