Павлодар облысында мерекеге орай азық-түлік бағасы төмендейді
Жеңілдіктер Республика күніне орай жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірде Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. 17 қазанда басталған науқан 27 қазанға дейін жалғасады. Акция аясында бірқатар сауда орталығы мен дүкендер желісінде азық-түлік және өзге де тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылады.
Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері сауда орындарында арнайы баға ұсыныстары мен түрлі жеңілдіктер ұйымдастырылады.
Республикалық акцияларды Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп ұйымдастырады. Науқанның мақсаты – тұрғындар үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау.
«Republic Day» акциясы Павлодар және Ақсу қалаларындағы сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтарында өтеді.
Павлодар қаласында «Batyr Mall» СОО – Қамзин көшесі, 67/1, Miras» СҮ – Абай көшесі, 150, «Atrium» СҮ – Академик Сәтбаев көшесі, 245/1, «Манақбай» СҮ – Мәшһүр Жүсіп көшесі, 15, «Новый ЦУМ» СҮ – Академик Сәтбаев көшесі, 63/1, «Старый ЦУМ» СҮ – Академик Сәтбаев көшесі, 63, «Рубин» СҮ – Назарбаев даңғылы, 58, «Гулливер» СҮ – Назарбаев даңғылы, 48/1, «Артур» СҮ – Назарбаев көшесі, 41, «Квазар» СҮ – Естай көшесі, 81, «City Center» СҮ – Академик Сәтбаев көшесі, 130 акция ұйымдастырылады.
Ақсу қаласында Salem» СҮ – Астана көшесі, 5/2, «Aqsu Mall» СОО – Ленин көшесі, 24/1 өтеді.
Ал «Bereke Fest» республикалық науқанына Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы бірнеше сауда желісі қатысады.
«Greenwich» сауда желісі: Павлодар қаласында Қамзин көшесі, 67/1, Генерал Дүйсенов көшесі, 3/1, Академик Сәтбаев көшесі, 245/1, Абай көшесі, 150, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 99, 144-үй-жай, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 283/1, Ткачев көшесі, 10/4 және Ломов көшесі, 37.
Екібастұз қаласында Беркімбаев көшесі, 92А.
Ақсу қаласында Ленин көшесі, 24/1.
Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылы, 42 мен Мәшһүр Жүсіп көшесі, 286/6 мекенжайындағы «INMART» сауда желісінде және Марғұлан көшесі, 113, Катаев көшесі, 51, Циолковский көшесі, 33/6, Академик Сәтбаев көшесі, 316/1, Торайғыров көшесі, 1/3, Назарбаев көшесі, 41, Академик Сәтбаев көшесі, 47, Бекхожин көшесі, 3/2 мекенжайындағы «Small» сауда желісі де аталмыш науқанға қатысуда.
Тізімде «Small» сауда орталығының Екібастұз қаласындағы бөлімшелері (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52В, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 88, Мұхтар Әуезов көшесі, 47Б) және Ақсудағы (Әуезов көшесі, 10, Қамзин көшесі, 61) сауда желісі де бар.
Бұдан бөлек, «Ваш» сауда желісі (Астана көшесі, 16/2, Назарбаев даңғылы, 19) мен «Пахомовский» сауда желісі ( Нұркин көшесі, 102) өнім бағасына төмендетеді.
Республика күніне арналған акциялар тұрғындарға қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңілдіктердің нақты мөлшері мен акцияға қатысатын тауарлардың түрін тұтынушылар таңдаған сауда орындарынан біле алады.