Облыс әкімі павлодарлықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Облыс әкімі павлодарлықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың құттықтауы өзінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

- Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қадірлі жерлестер! Сіздерді Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсымыз үшін бұл қаһармандықтың, мызғымас рух пен әскери даңқты дәріптейтін ерекше мерекелердің бірі, - делінген құттықтауда. 

Асайын Байхановтың айтуынша, апвлодарлықтар Ұлы Отан соғысының барлық ірі шайқастарына қатысты. Олардың 10 мыңнан астамы жауынгерлік наградалармен марапатталды. Облысымыздың 23 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 8 адам Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

- Қанша жыл өтсе де, біз жеңіс үшін күресіп, әрі жеңіс жолында еңбек еткен даңқты ардагерлеріміздің есімін ұмытпаймыз. Бүгінде біз әкелеріміз бен аталарымызды ұлықтап, көзі тірі ардақты ардагерлерімізге қамқор болудамыз. Өкінішке орай, бүгінде Павлодар облысында олардың тек 12-сі ғана қалды. Бүгінде бейбіт өмір сыйлап, ерен ерліктері мен қайтпас қайсарлықтары үшін ардақты ардагерлерімізге шексіз алғыс айтамыз! Шын жүректен Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық және күш-қуат тілеймін! - деді облыс әкімі.