Асайын Байханов жаңадан жеткізілетін автобустарға жүргізушілерді дайындауды тапсырды

Асайын Байханов жаңадан жеткізілетін автобустарға жүргізушілерді дайындауды тапсырды

Аймақ басшысы Асайын Байханов облыс әкімдігінде өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі жиналыс барысында  жаңадан жеткізілетін автобустарға жүргізушілерді дайындау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жылы аялдамалар қойып,  ретке келтіріледі. Көктемнің соңына дейін 40 автобус, мамырға дейін 40 автобус жеткізілуі керек. Бұл автобустар қандай маршруттар  бойынша қатынайтын болады? Жүргізушілер  мен  тиісті жабдықтар жеткілікті ме? – деп сұрады өңір басшысы.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповтың айтуынша,  маршруттар бойынша тұрғындардың қажеттілігіне байланысты схема  құрылған. 

–  Жүргізушілер саны жеткілікті. Қазіргі таңда қалған 40 автобусқа жүргізушіні дайындау міндеті тұр.  Тасымалдау компаниясы, №1 автобус паркі, «Автокомбинат» ЖШС өздерінің дайындық жоспарларын  бекітуі керек, – деді Ержан Иманзаипов.

Облыс әкімі жүргізушілерді алдын ала дайындау жұмыстарын жүргізуді және тұрғындарға қызмет көрсету сапасының төмендеуіне жол бермеуді тапсырды. Сондай-ақ соңғы аялдамаларда шағын қоғамдық дәретханалар орнатуды қарастыру қажеттілігі жайлы атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, №1 автобус паркі кезекті 10 жаңа автобуспен толықты. «Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. 

Фото: Оңғар Бауыржанұлы