Ақсуда жас полицейлерге қызметтік талаптар түсіндірілді

Ақсуда жас полицейлерге қызметтік талаптар түсіндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің кездесуінде тәртіп пен жауапкершілікке басымдық берілді, хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орумбаев, Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерғанат Дүйсекенов және оның орынбасары Азат Сейілханов қатысты.

Кездесу барысында ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын жоғары адамгершілік талаптар, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

– Ең алдымен, осы мамандықты не үшін және не себепті таңдағандарыңызды нақты айқындау маңызды. Бүгінде көптеген офицерлер полицейлік әулетті жалғастырып келеді, бұл – қуантарлық жағдай. Мамандықты саналы түрде таңдау – тұлғалық дамуға тікелей әсер етеді, ал қызметтен қанағат алу ішкі үйлесіммен байланысты. Жауапкершілік пен қоғамға пайдалы болу сезімі адамның әлеуетін ашуға көмектеседі. Осы жолды таңдаған жас офицер кез келген қиындық пен тәуекелге дайын болуы тиіс, – деді Азат Сейлханов.

Кездесу қорытындысында үздік тәлімгерлер мен жас қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.