Павлодар облысында неліктен кене талдауы тегін жасалмайды?
@Pavlodarnews.kz тілшісі кене шаққаннан кейін тексеру қанша тұратынын анықтады.
Бұл қауіпті жәндіктердің белсенділік маусымы сәуірде басталып, қазан айында аяқталады. Бірақ мамыр мен маусым айлары – кенелер тіршілігінің шарықтау шегі.
2023 жылы 98 кене шағу жағдайы тіркелді. Биылдың өзінде алты адам зардап зардап шекті. Облыстаэнцефалит кенелері жоқ.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭС комитетінің Павлодар облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мәліметіне сүйенсек, егер вирустық энцефалит диагнозы қойылса, кене аса қауіпті инфекциялар зертханасына тексеруге жіберіледі. Науқас өзінің тұрғылықты жері бойынша емханаға КВЭ талдауына қан тапсырады. Талдау ақылы және оның нәтижесі 1-2 күн ішінде дайын болады.
– Біздің облыста энцефалит вирусы бар кенелер тіршілік етпейді. Тек басқа жерлерден әкелінген жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан Павлодар облысында ғылыми-зерттеу жұмыстары ақылы түрде жүргізіледі. Ал вирусты кенелер жүретін аймақтарда мемлекеттік тапсырыс бойынша талдаулар тегін жүргізіледі, – деп түсіндірді ведомствода.
Қан мен кененің өзін зерттеу үшін кез келген жеке зертханаға тапсыруға болады. Диагностика түрінің өз бағасы бар:
- Серологиялық әдіспен қан анализі – 2520 теңге;
- Молекулярлық-генетикалық әдіспен (ПТР) қан анализі – 9950 теңге;
- Кенені серологиялық әдіспен тексеру – 4600 теңге;
- Кенені молекулярлық-генетикалық әдіспен зерттеу (ПТР) – 9950 теңге.
Егер кене энцефалитінің диагнозы расталса, келесі емдік тәсілдерін қабылдауға болады:
- Сарысулық иммуноглобулин – емдік мақсатта;
- Ми ісінуі кезінде сусыздандыру терапиясы;
- Қабынуға қарсы терапия;
- Тыныс жетіспеушілігінің тыныс алу терапиясы;
- Симптоматикалық терапия.
Емдеу және оңалту ұзақтығы аурудың түріне байланысты. Мысалы, бұл аурудың атипті түрін емдеуі он күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Ал фокалды формалармен терапияның ұзақтығы бірнеше айға созылуы мүмкін. Диспансерлік тіркеу екі жылға созылады.
Айта кету керек, кене энцефалитінің ошақты түрін уақтылы емдемеу мүгедектікке немесе өлімге әкеледі. 2023-2024 жылдары облыста бұл аурудан қайтыс болғандар болған жоқ.