Әлеуметтік әмиян: Павлодарлықтарға тегін дәрі-дәрмек онлайн беріледі
Енді тұрғындар қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылу үшін уақыт жұмсамайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық мәслихатының XVI кезекті сессиясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев мәлім етті.
– Емханаларда рецептер электронды форматта жазылады. Қыркүйек айының соңынан бастап «Egov» қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» бөлімі пайда болды. Науқас смартфон арқылы, меңгерушіге кірмей, мөрсіз-ақ, тікелей учаскелік дәрігерге, содан кейін дәрі-дәрмектерді алу үшін дәріханаға барады, – деді Әнуар Бұйрашев.
Бүгінгі таңда «Әлеуметтік әмиян» арқылы 21 мың рецепт берілді. Жыл соңына дейін осы бағдарлама арқылы 100 мың рецепт беріледі деп жоспарлануда.
«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды. Онлайн қызметті пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.