Павлодар облысында осы аптада көктайғақ күтіледі

Павлодар облысында осы аптада көктайғақ күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 30 қазанда күндіз +3...+8°С, оңтүстікте +12°С, ал солтүстікте  -2°С-қа дейін суық болады. 

31 қазанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Түнде және күндіз ауа температурасы +3...+8°С көрсетеді. Облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады. 

Қарашаның алғашқы күнінде аздаған жауын түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман, ал оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтілуде. Түнде ауа темпаратурасы -3...+2°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз +1...+6°С -қа дейін жылынады.  

2 қарашада түнде үсік жүреді, көктайғақ болады. Түнде сынап бағанасы -0...-5°С, ал күндіз +3...+8°С көрсетеді. 

3 қараша күні де көктайғақ болады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, ал күндіз +7...+12°С-қа дейін жылынады. 

Сенбі мен жексенбі күндері қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы +7...+12°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады.