Павлодарда кейбір үйлер мен нысандарда су өшіріледі

Павлодарда кейбір үйлер мен нысандарда су өшіріледі
Фото: Константин Шелков

Абай - Құдайбердиев көшелерінің қиылысындағы арматура ауыстырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС ақпаратына сәйкес, 30 қаңтарда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін 2-Оңтүстік, 51 (облыстық балалар ауруханасының қызмет көрсету ғимараты), 66 орталық трансформаторлық қосалқы стансасы көшелеріндегі тұрғын үйлерде су болмайды.

Сонымен қатар, Нұркин көшесі, 102, 102/2, 104/1, 104/1к2, 104/1к4, 104/22, 104/30к2, 114/1, 104/13 («Рембыттехника»), Құдайбердиев көшесі, 2 («Зағиптар қоғамы»), 2/1, 1, 1/1, 1/2, Рылеев көшесі, 11/1, 13, 15, 19, 21, 23, Парковая көшесі, 34, М. Жүсіп көшесі, 386 («Старый замок» дәмханасы) мекенжайлары бойынша уақытша су өшіріледі.