Павлодар облысында полигондарға қойылатын талаптарды жеңілдету мәселесі қаралды
Облыс әкімінің атынан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қатты тұрмыстық қалдықтармен байланысты проблеманы шешу жөнінде бірнеше рет ұсыныстар жолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Айгерім Қабылтаева Экология және табиғи ресурстар министрімен аталған мәселені талқылауға қатысты.
– Тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Сондықтан республикалық деңгейде полигондарды рәсімдеу процедурасын жеңілдету мәселесі шешілуде. Қоқыспен байланысты экологиялық жағдайға Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бірнеше рет назар аударды, – деді Айгерім Қабылтаева.
Ауылдық елді мекендердегі полигондарға қойылатын талаптарды жеңілдету, атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына критерийлер мен ең төменгі шарттарды белгілеу мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылды.
Сондай-ақ басқа өңірлердің өкілдері де өз ұсыныстарын ұсынды. Әрбір ұсыныс әрі қарай талқылау үшін егжей-тегжейлі зерттеліп, өңделеді.
Жақын арада Экология және табиғи ресурстар министрімен кезекті кездесу өтеді, онда ауылдардағы қатты тұрмыстық қалдықтар үйінділерін рәсімдеу процедурасын оңайлату жөнінде орталық мемлекеттік органның нақты шешімдері айтылады.