Павлодар облысында полицейлер жолда сынған көліктің жүргізушісіне көмек етті
Тәртіп сақшылары көлікке қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Павлодар-Қызылорда автожолының патрульдеу маршрутында жол жиегінде тоқтап тұрған Volkswagen автокөлігін байқаған.
Жүргізуші көліктің мойынтіректері сынғандықтан, жолды ары қарай жалғастыра алмағанын айтқан. Өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату әрекеттері сәтсіз болды.
Патрульдік қызмет инспекторлары полицияның аға лейтенанттары Дархан Тәуірбаев пен Асылтас Алтайбаев дүкенге барып, автокөлікке қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алды және ер адам қайта жолға шықты.
Өз кезегінде жүргізуші уақытылы көмек көрсеткені үшін тәртіп сақшыларына зор алғысын білдірді.
– Біздің қызметіміздің барлық уақытында жолдарда әртүрлі жағдайлар туындайды, ең бастысы мұндай жағдайларда-бей –жай қалмау және оған мұқтаж адамдарға көмекке келу-дейді жол полицейлері.
Павлодар облысының Полиция департаменті жүргізушілерге ұзақ жолға шығу кезінде өз көлігінің техникалық жай-күйін қарау және ақауларды жою шараларын қабылдау қажеттігін тағы да еске салады.