Майқайың кенішінде Астанадан кинологиялық есептоптар жұмылдырылды
Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып кетуде, үйіндінің шеті тұрақсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар «Майқайыңзолото» АҚ аумағында жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев келді.
– Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары қосылды, – дейді департаментте.
Оқиға орнында ТЖМ, полиция, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы, «103» қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды. ТЖД құтқарушылары құмнан қаза тапқан екі адамның денесін тапты. Олар – 24 жастағы Сарқыт Берліқан және 53 жастағы Олег Тышкевич. Тағы екі адамды іздеу жалғасуда.