Екібастұзда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Жол апатынан тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қазанда Екібастұз қаласында болған. Hyundai Solaris және Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысқан.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатының себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Полиция жүргізушілерді жол жағдайына қарай қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көліктің техникалық жағдайын бақылауға шақырады.