Ақсуда әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген ер адам сотталды

Ақсуда әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген ер адам сотталды

40 жастағы әйел бірнеше пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында ерлі-зайыптылар үйінде ішімдікке масайып, жанжалға келіп қалады. 51 жастағы ер адам әйелін қызғанып, оны пышақпен бірнеше рет ұрады. Салдарынан әйел адам сол жерде қайтыс болды.

Аталған іс ҚК 99 бабтың 1 бөлімі бойынша облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сотта прокурор  ер адамға он жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы мен оның адвокаты санкциясы осы бап бойынша соттан ең төменгі жазаны сұратты.

Бұл қылмыс аса ауыр санатқа жатқызылады және 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сотта айыпталушы  кінәні толық мойындады. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайды ескеріп, сот ер адам мас күйінде қылмыс жасаған деп мойындады.


–    Ер адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде барынша қауіпсіздікті өтей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды,-делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.