Павлодарда бірнеше тұрғын құймақтардан уланды
Эпидемиологтар тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде @ vseobovsem_pvl парақшасында павлодарлық тұрғын облыс орталығындағы белгілі кондитерлік желісінен құймақ алып, уланып қалғаны туралы шағым жазып, жариялаған.
– Ауруханаға барғанымда сальмонелла табылды. Санэпидбақылау басқармасына жүгініп, шағым жаздым, – деп жазды зардап шеккен әйел.
Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аталмыш факті бойынша тергеу ашып, тексеріс жүргізуде.
– Департаментке улану бойынша төрт адам жүгінді. Барлық жағдайлар анықталғанға дейін улануға себепші болған құймақ өнімдерін жеткізу және сату дереу тоқтатылды. Басталып кеткен тексеру барысында санитарлық заңнаманы бірқатар бұзушылықтар анықталды, – деді басқармада.
Бұзушылықтарды жою бойынша дереу шаралар қабылданды. Тексеру жалғасуда.