Павлодар облысында шаруа қожалығындағы болған өртті полиция тергейді

Павлодар облысында шаруа қожалығындағы болған өртті полиция тергейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алты адамның өліміне әкеп соққан оқиғаның мән-жайы анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті Солнечныйда алты адамның өліміне әкелген өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:34-те «101» қызметіне Солнечный ауылында орналасқан шаруа қожалығы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт болған сәтте үй ішінде 7 адам болған. Олардың бірі — 1972 жылы туған ер адам жалыннан өздігінен шығып, жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды.