Шарбақтыдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубының мүшелері өз таңдауларын жасады

Шарбақтыдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубының мүшелері өз таңдауларын жасады
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Аға буын өкілдері өз сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты ауданының тұрғындары дауыс беруге асығуда. Әсіресе аға буын өкілдері таң сәріден сайулау учаскелеріне асығуда. Олардың қатарында Фируза Қизатова да бар. Ол елімізде өткен әр сайлау мен референдумға үнемі қатысып келеді. Себебі ол әрбір азаматтың дауысы маңызды екеніне сенеді.

- Жасымызға қарамастан, белсенді болуға, қоғам өмірінен шет қалмауға тырысып жүрміз. Белсенді ұзақ өмір сүру бұл қоғамға араласу, жауапкершілік және ел болашағына өз үлесіңді қосуға деген ниеттен басталады, - дейді Фируза апа. 

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдумда дауыс беру Павлодар облысында таңғы сағат 7:00-де басталды. Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.