Павлодар облысында шетелдіктерге қандай медициналық көмек көрсетіледі
Дәрігерлер 2022 жылдан бері басқа мемлекеттің бірнеше жүз азаматын емдеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Барлық шетел азаматтары өзге тұрғындарға қауіп төндіретін сырқат анықталған жағдайда медициналық көмек ала алады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы хабарлады.
– Шетелдіктер, сондай-ақ ТМД елдерінің азаматтары өз өміріне немесе басқалардың денсаулығына қауіп төндіретін сырқатқа шалдыққан жағдайда шұғыл түрде жедел медициналық көмек ала алады. Қауіп жойылған сәттен бастап медициналық көмек ақылы түрде көрсетіледі, – деді қор директоры Алмагүл Ахметжанов.
Соңғы бір жарым жылда павлодарлық дәрігерлердің көмегіне басқа мемлекеттердің 300-ден астам азаматы жүгінген.
Дәл осындай көмекті, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қатысушы елдерден келген еңбек мигранттары да ала алады. Ерлі-зайыптылардың және олармен бірге тұратын балалардың бірдей құқығы бар.
- Міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек алу үшін шетелдіктер алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ерікті медициналық сақтандыру шартын жасауы қажет. Мұндай құжаты бар шетелдіктер емханаға тіркеле алады, - деді ол.
Егер еңбек мигрантының отбасы мүшелері жұмысқа орналаспаса, онда олар тәуелсіз төлеуші ретінде міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлеуі керек.
Еңбек мигранттарының, жұмыс істемейтін жүкті жұбайлары мен балалары, мүгедектер мен студенттер жеңілдік санатына еніп, мемлекет есебінен сақтандырыла алады.
Республикада тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер қазақстандықтармен тең жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, сондай-ақ сақтандыру мәртебесі бар болса, міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек алады.
Бұдан бөлек, Алмагүл Ахметжанова шетел азаматтарының бұл санаты мемлекет жарна төлейтін жеңілдік санатына кіретінін атап өтті.
Еске салайық, қор филиалы жаңа байланыс түрін – қор филиалы басшысының WhatsApp-линиясын енгізген болатын. Нөмір 8-707-55-94-650. Сондай-ақ 70-41-23, 70-41-24 қалалық нөмірлеріне хабарласуға болады.